Ақынның асыл мұрасы
Алақаны аялы - Күлбарам емші. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 104 б.
«Алаканы аялы - Күлбарам емші» атты бұл кітапта елге танымал көріпкел Жандарбек Кожахметұлы, Үміт апа сияқты халық емшілерінің батасын алып, өндірісті Павлодар облысы Екібастұз каласының ауыл-аймағы мен Баянауыл, Ерейментау өңіріне ғана емес, Ресей, Украина, Германия елдерінен келген сырқаттарды емдеуші - халық емшісі, Қазақстанның халык емшілері Ассоциясының мүшесі Сланбекқызы Күлбарамның өмір жолы, емшілік қабілеті, қасисті туралы баяндалады.
ГРЭС-1: богатое прошлое и большое будущее. - Павлодар: Типография Сытина. - 2011. - 79 с.
В летописи Экибастузского топливно-энергетического комплекса Казахстана было немало исторических страниц. Часть из них запечатлел в своей книге Жумагали Когабай. Поэтапно, событие за событием, через образы трудящихся энергопредприятия он сумел отразить дух того времени, передагь неподдельный энтузиазм, созидающую силу трудового коллектива.
Дала қыраны туралы хикая = Быль о степном орле. - Павлодар: ЭКО, 2009. - 155 с.
В этой документально-художественной книге «Быль о степном орле» на доступных фактах изложена жизнь и деятельность известного всем экибастузцам талантливого человека, выросшего от рядового милиционера до профессионального детектива уголовного розыска, заслуженного работника МВД СССР, полковника милиции Ешимова Тулькибека Мажгуловича.
Дүмпуі көп дүние = Увиденное мною - удивительный мир.- Астана: Проксима, 2001. - 123 б.
Ашы болса да ақиқатын айтып аз жазатын, Елін ерекше сүйетін, Азаматын ардақтай білетін Жұмағалидың бұл екінші кітабы. Оның өлендерінің негізгі арқауы – Ана Бала, Ел, Жер.
Это вторая поэтическая книга Жумагали Когабайулы своеобразно отражающего сегодняшний, сложный мир.
Основное кредо Жумагали – любовь к Родине.
Екібастұз - жалынды жастық шақтарым = Экибастуз - моя молодость. - Павлодар: ЭКО. - 2012. - 106 б.
Жұмағали Қоғабайдың «Екібастұз жалынды жастық шақтарым» атты кітабына Екібастұз қаласының, жалпы Қазақстан республикасының көмір өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосқан Д.П. Мелехов, Т.К. Әбдуалиев, А.Т. Өтегенов, Е.Ж. Рахмангулов, В.К. Щукин сынды өндіріс пен тіршілік тынысын тап баса білетін талантты адамдардың өмірі мен еңбегін әдеби тілмен, әңгіме желісімен көркемдеп жазған шығармалары кіріп отыр.
Сонымен бірге автордың «Богатырь Көмір» компаниясы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы, дем алысы, қоғамдық жұмысқа араласуы, азаматтық ұстанымы жайлы жазған мақалалары мен суреттемелері халықаралық дәрежедегі фотосуретші, бірнеше конкурстардың жүлдегері Анатолий Бутыриннің фотоларымен дәйектелген.
Екібастұздан ескен леп: өлеңдер жинағы.- Алматы: Дайк-Пресс, 1995. - 71 б.: порт.
Жұмағали Қоғабаевтың "Екібастұздан ескен леп" өлеңдер жинағы өлең өнеріне көтерілген алғашқы талпынысы. Негізінен ақын өлеңдерін адамның ішкі жан дүниесін ашуға бағыттайды. Адам мінезінен, жаратылыстан бір үйлесім тауып, өлеңдерін нәзік сезімге, ойлы образға құрауға тырысады. Өлеңдері арқылы адам мен табиғатты қорғауға, аялауға шақырады. Өлеңдер жеңіл оқылады, жұрекке қонымды, бұлақтай таза.
Жаңбырлы күн (Өлеңдер, әңгімелер, мақалалар): Павлодар, 2004. - 99 б.
Автобуста келе жатып себелеген жаңбыр астында басына тақия киіп, аяғы жалаңаяқ шапқылап жүрген қазақ баласын көріп көкірегінен өріліп шыққан «Жаңбырлы күн» деген өлеңінің атауымен жарық көрген кітабы. Бұл кітапта өлеңдер, әңгімелер мен мақалалар топтастырылған.
Мәшһүр Жүсіп шапағаты мен тылсымы. Абаттанған Ата қонысы. - Павлодар: ЖК «Сытин А.А.» баспаханасы, 2023. - 80 б.
Есімі елге, халқына XX ғасырдың бас кезінен әйгілі, дана сөздері мен дара қасиеттері талай білімпазды таң қалдырған әулие, тарихшы, болжауы босқа кетпеген көреген, ақындығы ақылмен, оймен, саясатпен астасқан көріпкел, ем қондырған емші, аузынан шыққан сөзі дуалы Мәшһүр Жүсіп тылсымы туралы халық арасында аңызға бергісіз ақиқат әңгімелер көп-ақ. Бұл туралы Мәшһүр немерелері Төлеубай, Сүйіндік, Фазыл, шөберелері Абай, Нартай, Ертай, Әсет естелік кітаптары мен Сәрсенбі Дәуітов зерттеулерінде және жазушы Дихан Әбіловтың сипаттауында тиянақты жазылған.
Оюында ой-орман, өрнегінде аққу-қаз.- Екібастұз: Вестник ЖШС, 2013. - 102 б.
Акын, жазушы, журналист Жұмағали Қоғабайдың «Оюында ой-орман, орнегінде аққу-қаз» атты деректі кітабында саналы ғұмырын қазақ ою онерін дамытуға арнаған екібастұздық талантты қолөнер шебері, көп бала тәрбиелеп өсірген «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегері, ұлағатты ана Зылиха Толегенованың өмір жолы, өнердегі өсу жолы, жастарға үлғі болар ұйымшыл отбасы тәрбиесі көркем тілмен, дәйекті дерекнен баяндалады. Бұған қоса кітапқа елге танымал талантты, қаламы жүйрік журналистер Бақыт Баймұратов, Жанаргүл Қадырова, Айнұр Мейрамова, Дина Жумадилова, Дария Ерғазина, ақын маркұм Кұлшат Қаламбаева, Г. Шайкеновалардың онерлі апаларының еңбегі, Кенжетаевтар, Қадыровтар әулеті жайында әр жылдарда жазған суреттемелері, танымдық мақалалары, көрермендердің құттықтаулары мен тілектері және бір топ замандастарының естеліктері енгізілді.
Сақ дәуірімен сабактас оқиғалы оюлар = Возрожденные сакские узоры Шынар. - Павлодар: ЖК «Сытин А.А.» баспаханасы, 2024. - 144 б.
«Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар» атты бұл кітап ерте, срте, ертедегі, ешкі жүні бөртедегі, баяғы бағзы замандағы, әлмисақтан бар, көз көрмесе де, көреген көңілмен, ересен біліммен зерттеу, іздеу, іздену арқылы жер асты мен жер үстіндегі қорғандар мен қорымдардан табылған баба сақ пен көк түркі, қалың қыпшақтан қалып, қассақ қазаққа жеткен жәдігерлер мен сәндік әшекей бұйымдардағы жан-жануарлар мен аңдар, құстар бейнеленген суретті ою-өрнегі өнері бүкіл түркі жұртынын, қазақ халқының мұрасы екендігін айғақтайды.
Бала кезінен ою салуға құмартып, 18 жасынан бастап сюжетті өрнек салумен айналысқан Қоғабай Шынар Жұмағалиқызының «»Билік құдіреті», «Менің Қазақстаным», «Өмір ағашы», «Кұстар әлемі», «Аңшылық», «Аққулар», «Баянауыл» атты туындыларына 1997 жылы Авторлық құқықтар Агенттігі және 2005 жылы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде «Шынардың ою-өрнектері, Сюжетные орнаменты Шынар» деп аталатын тіркеу куәлігі берілді.
Ғалымдардың пікірінше, үзілмейтін, қиылыспайтын бір сызықпен суретті сюжетті ою-өрнек құраған суретші-орнаменталист Шынар Қоғабай сақ дәуіріндегі аң стилін жаңғыртушы, дамытушы.
Сәтбаевтар әлемі. - Павлодар: ЖК «Сытин А.А.» баспаханасы, 2024. - 120 б.
Жазушы Жұмағали Қоғабайдың «Сәтбаевтар әлемі» атты кітабында XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының ғылымына, мәдениетіне, өнеріне, рухани дамуына зор үлес қосқан, сталиндік қырып-жою саясатының құрбаны болған, жазықсыз жана шеккен Қаныш Сәтбаевтың талантты ағалары Әбікей, Ғазиз, Әбдікәрім Сәтбаевтардың талайлы тағдыры және олардан тараған ұрпақтар өміріндегі рухани сабақтастық, Сәтбай ұрпақтарының бүгінгі тіршілігі туралы тың деректер мен мағлұматтар, естеліктер берілген.
Шақшан таудың шар болаты. - Павлодар: - Сытин баспаханасы, 2015. - 110 б.
«Шақшан таудың шар болаты» - нақты өмірде болған оқиғаларды негізге алып жазылған деректі әңгіме. Негізгі кейіпкері - Совет үкіметінің тұсындағы қолдан жасалған қатігез, жымысқы саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазалау кезеңін басынан өткерген, ақталып Ұлы Отан соғысындағы сұрапыл соғысты Украина жерінде бастап, Берлинде аяқтаған «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет» ордендерінің, «Берлинді алғаны үшін», «Совет Одағының Маршалы Г. К. Жуков» медальдерінің иегері, соғыс және еңбек ардагері, атадан қалған имандылық қасиеттерді бойына сіңіре білген ардақты әке, асыл азамат Бралин Жантемір Жұлдызбайұлы.
Тарихы терең тамыр баянауыл // Баянауыл басынан... . – Алматы: Қазақпарат, 2006. - 20 - 25 б.
Баянауыл ауданының 100 жылдығына арналған «Баянауыл басынан... » атты жинаққа республикалық жыр мүшәйрасына қатысқан 77 ақынның өлеңдері іріктеліп беріліп отыр. Бұл жинаққа Жұмағали Қоғабайдың да өлеңдері енгізілген.