top of page
книги

Ақынның асыл мұрасы

Балаларға жыр шашу

Ақынның асыл мұрасы

Ата мен немере.png

Ата мен немере. - Павлодар, 2018. - 91 б.

Жұмағали Қоғабаевтың «Ата мен немере» атты  өлеңдер мен әнгімелер жинағында бала ойын, бала тілін, балалық шақ сезімді дөп айтулуымен ерекше тоқталып өткен.

Ғаламтордың әлегі. - Павлодар: - ЖК «Сытин А.А» баспаханасы, 2021. - 80 б.

Кереку өңірінен шыққан республикаға танымал ақындар: Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Есентай Ерботин, Қабдыкәрім Ыдырысовтан кейін балалар тақырыбына жазушы Ғалымбек Жұматов, Жұмағали Қоғабай да өз қолтаңбаларын қалдыра бастады.

Жұмағали Қоғабайдың балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ғаламтордың әлегі» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы бала ойын, бала тілін, балалық пәк сезімді дөп айтуымен, балаларды елдікке, ерлікке, адалдыққа шақыруымен ерекшеленеді.

Балаларға арналған бұл жинақтың мазмұны Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор» деген өнеге сөзіне сәйкес келеді.

Балаларға арналған бұл жинақтың иллюстрациясын өлең мазмұнына сай көркем безендірген, салған №19 орта мектептің мұғалімі, суретші Шегебаев Мұрат Салықұлы.

Ғаламтордың әлегі.png

Чуковский Корней 

Телефон (Орыс тілінен аударған Жұмағали Қоғабай). - Павлодар: ЖК «Сытин А.А» баспаханасы, 2022. - 16 б.

Орыс ақыны, публицист, аудармашы, балалар жазушысы Корней Чуковский - дүние жүзілік әдебиеттен алатын орны бар аса талантты айрықша тұлға.

Корней Чуковскийдің балаларға арналған өлеңдерінің кейіпкерлері балалар қиялын жетелеп, еліктіретін, қызықтыратын ойдан шығарылған абсурдты кейіпкерлер десе болады. Оның «Телефон», «Тарақандар», «Мойдодыр», «Крокодил», «Доктор Айболит» т.б. шығармалары балалардың ең сүйікті туындылары.

Қоғабай Жұмағали Бижанұлы «Рухани жаңғыру» аясында биылғы «Балалар жылы» аталған 2022 жылы кеңес заманының талантты жаңашыл балалар ақыны К. Чуковскийдің «Телефон» деген өлеңін еркін аударма түрінде сәтті аударып шықты.

Туынды балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Өлеңдердің иллюстрациясын өлең мазмұнына сай көркем безендірген Екібастүз қаласындағы №19 орта мектептің мұғалімі, суретші Шегебаев Мұрат Салықұлы.

Чуковский К. Телефон.png
Тышқанның құлығы.png

Тышқанның қулығы: - Павлодар: - ЖК «Сытин А.А» баспаханасы 2022. - 16 б.

Жұмағали Қоғабайдың қазақ ертегісінің желісімен жазылған «Тышқанның қулығы» атты өлең кітабы балабақша мен бастауыш мектеп оқушыларының дү- ниетанымын, тілін дамытуға арналған

Балаларға арналған бұл жинақтың мазмұны Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған «Тіл игеру үшін оалалар әдебиетінің атқаратын ролі зор» деген онеге сөзіне сәйкес келеді.

Өлеңдердің иллюсграциясын олең мазмұнына сай көркем безендірген 19 орта мектептің мұғалімі, суретші Шегебаев Мұрат Салықұлы.

bottom of page